“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы” » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2022

“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы”

          2022 жылдың 14 қазан күні мектепте қалалық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында    жалпы ата-ана жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты: Отбасындағы ата-ана рөлінің маңыздылығы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі. “Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы”. Жиналыста Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның аға учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Бейбіт Мұратұлы  
Жанысбеков Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ Ювеналдық  полиция тобының 2022 жылдың 9 айының жұмыс қортындысы бойынша таныстырып өтті. Мектеп психологтары  "Бақытты отбасы-бақытты бала" атты бейне ролигін ұсына отырып, ата-ананың баласына деген махаббатын және олардың тәрбиедегі көзқарасы, бала тәрбиесінде ата – ананың жауапкершілігі ерекше екенін баяндады. Әлеуметтік факторлардан балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары көрінісінің жалпы және жеке факторларын бөліп шығарды.