15
февраль
2023
Құқық бұзушылық
Бүгін мектебімізде Жетісу облысының Дін істер жөніндегі басқармасының психологы Қанат Маратұлы оқушылармен кездесу өткізді. Қазіргі таңдағы әлеуметтік мәселенің бірі ата - ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас. «Ата - ана - бала» жұбындағы кез келген қарым - қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Отбасындағы тәрбиеге тоқталып өтті.Бала тәрбиелеу тек жанұяға ғана емес, қоғамға да қатысты деп Қанат Маратұлы қоғамның да әсері бар деді. Зиянды заттар пайдалану, келеңсіз сайттарға кіру, ойланбаған қадам жасау неге әкеп соғатынын түсіндірді. Арнайы бейнефильмдер арқылы оқушы санасына ой салуға тырысты.