Талдықорған қалалық №2 емхана мамандарымен кездесу «Ұл баланың ересектікке қадам басып, ағзасында гормондық және физикалық өзгерістері»
Талдықорған қалалық №2 емхана мамандарымен кездесу
«Ұл баланың ересектікке қадам басып, ағзасында гормондық және физикалық өзгерістері»
27 қараша күні қалалық №2 аурухана психологі Исламжанова Сабира Қанатовна және ерлер денсаулығына, оның ішінде урология, андрология, репродуктивті денсаулыққа арналған орталық маманы Каденова Сая Абдреновна ұл балалармен кездесу өткізді. Кездесуге 78 ұл бала қатысты.
Жиналыс барысында ұлдар үшін репродуктивті денсаулық бойынша жиналыс мазмұны:
- Ер балалардың физикалық, гормондық жетілу кезеңіндегі өзгерістер
- Гигиена және денсаулық күтімі
- Репродуктивті жүйенің құрылымы мен функциялары
- Жауапкершілікті мінез-құлық және эмоциялық денсаулық
Қорытындылай келе, ересектікке қадам басу әр балада әртүрлі жас аралығында басталып, әр балада әртүрлі қарқынмен жүретіні туралы, гормондық және физикалық өзгерістер тұрғысында кездесетін қиыншылықтар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу презентациялар жасалып, бейне баян көрсетілді.