Рейд! » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2025

Рейд!

2025 жылдың 12 желтоқсанында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кешкі уақытта жалпы білім беретін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, қалалық әкімдік өкілі және қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп оқушылар түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде, ойын-сауық мекемелерінде жүрмеуінің алдын алу мақсатында «Түнгі рейд» іс-шара жүргізілді.
Рейд барысында бекітілген мектеп инспекторлары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қала аумағындағы саябақтар, ойын-сауық орындары, сауда орталықтары және басқа да көпшілік жиналатын нысандарды аралап, оқушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ата-аналардың бала қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігін арттыру мақсатында ескерту жұмыстары жасалды.
Қалалық әкімдік пен полиция басқармасының өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылған бұл шара жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың қоғамдық тәртіпті сақтауын бақылауға және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды.
Рейд нәтижесінде тиісті деректер жинақталып, жауапты органдарға ұсынылды. Осындай кешенді жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Похожие публикации:

29 ноябрь 2025 Рейд
22 март 2025 Рейд
18 сентябрь 2023 Құқықбұзушылық рейд